Бегущая строка
Еңбекшілдер аудандық кітапханасының құрылған жылы 1945 ж. /мұрағат анықтамасы бойынша/. Архив деректері бойынша: 1948 ж. – аудандық кітапханада : кітапхана меңгерушісі болып Баянжанова Кулкеш, кітапханашы Байбекова Макен, іс-шаралар өткізетін / массовик/ кітапханашы болып Хамитов Негмет жұмыс істеген.
Үлгі ауыл советінің кітап үйінің меңгерушісі болып Айтхожин Елеу, Жаңа – арқа ауыл советінің кітап үйінің меңгерушісі болып Мейрамдинов Байдолы, Маркс ауыл советінің кітап үйінің меңгерушісі болып Башенова Қамаш, Макин ауыл советінің оқу үйінің меңгерушісі болып Мельник, Заурал ауылында Буянова, Ақсу ауылында Мұхамеджанова Қадеш, Еңбек ауылында Мухамедиова К., жайлау бөлімшесінің қызыл отауында Сугралин Мукамедия, Ұйымшыл колхозында кітапхана меңгерушісі болып Омарова Шамшипану жұмыс істеді.
1955 жылдың маусым айына шейін аудан орталығы Казгородок ауылында болды. 1955 ж. аудандық орталық Степняк қаласына ауысуына байланысты аудандық мәдениет бөлімі де Степнякқа көшті, бірақ аудандық кітапхана Степняк қаласына 1973 ж. көшіп келді. Кітапхана қала орталығында болған бала – бақша ғимаратына орналасты, 1928 ж. салынған.
1975 ж. үкіметтің қаулысы бойынша бүкіл кітапханалар – ауылдық, қалалық біріктіріліп, орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Еңбекшілдер ОКЖ – нің № 1 бұйрық кітабы 1976 ж.қантарынан басталды.
ОКЖ құрылған жылдары аудан бойынша 37 кітапхана болды.
Толығырақ
Азнабаева Ризагүл Санатқызы
Кездесуге жазылу