“Үйшік” ертегісі бойынша көрініс.
Үлгі ауылдық модельдік кітапханасы «Ертегілер клуб» мүшелерімен “Үйшік” ертегісі бойынша көрініс қойылды. Көріністің мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру, ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.